Ақтөбе облысының судьялары азаматтардың сотқа деген сенім деңгейін арттыруға және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруды көздеуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облыстық сотында «Ақпараттық технологияларды қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Кездесуде облыстық соттың алқа төрағасы Нұрсапа Примашев, облыстық соттың судьялары, Соттар әкімшісі Әсет Мамбетов, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Н.Примашев кіріспе сөзінде Жоғарғы Соттың төрағасы бекіткен Соттардың бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл тұжырымдамасының жүзеге асырылуы және соттарда заманауи ақпараттық технологияларды қолдану туралы айтып өтті. Оның айтуынша, ағымдағы жылы облыс соттарының 56 залы үн-бейне жазбасы жүйесімен жабдықталған.

Өз кезегінде  кеңсе меңгерушісі Қ.Абжетов «Сот кабинеті» сервисін электрондық іс жүргізу өндірісінің жүйесіне енгізу айтарлықтай сотқа қатысушы тараптар арасындағы байланысты  жеңілдеткендігін атап өтті.  Ағымдағы жылдың жылдың 4 айында «Сот кабинеті» сервисі  арқылы облыс соттарына 8897 талап арыз мен 899 электрондық арыз түсті, бұл сотқа түскен барлық құжаттардың  87%-ын құрайды (2015 жылы 6573 талап арыз және 290 электрондық арыздар түскен немесе сотқа түскен барлық құжаттардың 56 %). Енгізілген «Төрелік» жүйесі ақпараттық деректермен жедел алмасу мен жоғары деңгейдегі сенімділікті қамтамасыз етеді, жеңілдетілген құжат айналымы мен сот ісін жүргізуге қолайлы жағдай туғызады. 

Облыстық соттың ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы М.Мусин 2016 жылы «Сот кабинеті» сервисінің жаңа нұсқасы жасалғанын, бұл адвокаттар, заңды қоғамның өкілдері мен мемлекеттік органдардың ұсыныстарын ескеріп жаңартылғанын атап өтті.  

Н.Примашев кездесуді қорытындылай келе, облыстың сот корпусы азаматтардың сотқа деген сенім деңгейін арттыруға және сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
Источник: 
Ақтобе облыстық баспасөз қызметі