Ақмола облысында судьялар тренингтерде кәсіби білім деңгейлерін жетілдіруде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының Бурабай кентінде оқу бағдарламаларын үйлестіруші-судьяларға арналған екі күндік тренинг жұмысын бастады.

Оқыту тренингтерін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» Еуропалық Одағы ұйымдастырды.

Тренингтің басты мақсаты ересек аудиториямен жұмыс істеу ерекшеліктерін ескере отырып, белсенді топтарға сабақ беру үшін судьяларға қажетті дағдыларды қалыптастыру болып табылады.

Жоғарғы Сот судьясы Гүлжан Әлмағамбетова «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде жоғарғы кәсіби судьялар корпусын қалыптастыру мақсатында Жоғарғы Сот судьялар үшін бірқатар оқыту ұйымдастырғанын атап өтті. Тренинг «Қазақстанда қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» Еуропалық Одақ жобасының аясында және Ұлыбританияның Әділет министрлігімен әріптестік бойынша Солтүстік-Ирландия ұйымы, Нидерландия пробациялық қызметі мен Мемлекеттік сот ісін жүргізу академиясы және Польша прокуратурасымен іске асырылуда.

Жобаның басшысы Уильям Ирвайн «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» Еуропалық Одақ жобасының мақсаты халықаралық стандаттарға сәйкес Қазақстанда өткізіліп жатқан құқықтық-сот реформаларын қолдау болып табылатындығын жеткізді. Қылмыстық әділ сот саласында мамандардың кәсіби білім деңгейін жетілдіру, жаңа оқуларды әзірлеу арқылы және қазіргі заманғы бағалауды енгізу мен оқытуды өткізу жобасының ажырамас бөлігі болып табылады.

Тренингтің бірінші күні халықаралық сарапшылар, кәсіби оқыту бойынша кеңесшілер Томас Паттерсон мен Стивен МакКракен оқытудың психологиялық ерекшеліктерімен, жаттықтыру жұмысының дағдыларымен, ең үздік еуропалық тәжірибеге сәйкес оқытудың тиімді әдістерімен және оқыту стилімен таныстырды.

Тренингке қатысушылар оқу сабағының нақты мақсатын құру дағдысына, тиісті көрнекі құралдарын, материалдар мен құрал жабдықтарды пайдалану арқылы сабақ жоспарларын әзірлеуге, сабақты интерактивті режимде жүргізуге және сындарлы кері байланысты қаматамасыз етуге үйренді.

Халықаралық сарапшылар қатысушылармен интерактивті тренингтер, сауалнама өткізді және судьяларға таныстыру материалдарын ұсынып, көрнекі құралдар берді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі