Жоғарғы Сотының судьясы Ә.Құрықбаев Қызылорда облысының Қармақшы аудандық сотында болып қайтты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың судьясы Әділ Құрқбаев Қармақшы аудандық сотына барды.

Кездесуге Қызылорда облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбеков, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы Ержан Қарабаеав, аудан прокуроры Бақытжан Мырзабаев, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Сәкен Бекжанов, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жанмарат Құлымбетов, аудандық ішкі істер бөлімінің кадр ісі жөніндегі орынбасары Жангелді Амантаев пен Қармақшы аудандық заң консультациясының адвокаттары Хамза Қуатов пен Гүлайым Қадырбаева және аудандық соттың төрағасы мен судьялары қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Әділ Құрықбаев Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарын іске асыру шеңберінде атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Атап айтқанда, үш сатылы сот жүйесіне көшу, судья лауазымына үміткерлерді іріктеу жөніндегі Жоғары Сот Кеңесі мен судьялар біліктілігі комиссиясының жұмысы бойынша түсіндірмелер берді. Сонымен қатар, жиналысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Қайнар: 
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі