Жоғарғы Соттың судьясы Т.Қожан жергілікті соттың судьяларына арнап бейнедәріс өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың судьясы Төлеубай Қожан судьяларға арнап бейн байланыс арқылы дәріс өткізді.

Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Рахметулла Хайруллин мен  облыстық соттың судьясы Нұртуған Тұржанов дәріс оқыды.

Бейнедәріс сабағына республика бойынша 200-ге жуық судьялар қатысты.

Бейнедәріс барысында экологиялық заңнаманы қолдану мәселелері талқыланды. Дәріс сабағында жер қойнауын қорғау және пайдалану қағидаларын бұзу, жер қойнауын өз бетінше пайдалану, балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу, балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу, заңсыз аңшылық, жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу, өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу, ормандарды жою немесе зақымдау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу, экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шаралар қолданбау, онша ауыр емес құқық бұзушылықтар жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату, ауырлығы орташа құқық бұзушылықтар жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату мәселелері жарияланды.

Дәрісте еліміздің экологиялық қауіпсіздігі жүйелі, кешенді тәсілді талап етеді. Қазақстан орасан зор аумағымен және үлкен табиғи ресурстарға, оның ішінде пайдалы қазбаларға, кен орындарға бай. Қазақстан экологиялық қауіпсіздікті күшейту бойынша жоспарлы және жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. Бұл қызмет әлемдік қоғамдастығықтан лайықты бағасын тапты. Осының салдарынан мемлекеттік бастамаларды Қазақстан Орталық-Азия секторы елдерінің ішінен бірінші болып  БҰҰ қауіпсіздік Кеңесінің мүшесіне сайланды. Елімізде экологиялық үгіт-насихат және экологиялық білім беру жүйелі дамуда.

Алайда, жаһандық сипаттағы мәселелер әлі де аз емес. Алдағы уақытта мемлекет және қоғам үшін атқарар жұмыс көп.

«Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату және жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы және жазаның белгіленген мерзімін қысқарту туралы сот практикасы туралы» мәселелері талқыланды. Аталған нормативтік қаулы 2015 жылғы қаңтарда күшіне енген жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерді ескере отырып, әзірленді. Мәселен, жаңа заңнамада сотталғандар санаттарының бірқатарына (аяғы ауыр әйелдер, жас балалары бар әйелдер, зейнеткерлер, жалғыз басты әкелер және т.б.) шартты түрде мерзімінен бұрын босату үшін (ШТМБ) неғұрлым жеңіл жағдайлар көзделген. ШТМБ залалды толық өтеген жағдайда және қасақана бұзушылықтар болмаған жағдайларда, ал қысқарту тек процестік келісім бойынша қолданылады. Сонымен қатар, пробациялық бақылау белгіленеді. Қаулыда кәмелетке толмағандарға қатысыты шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолданудың, күшін жоюдың және тыйым салудың ерекшеліктері де қамтылған.

Шартты-мерзімінен бұрын жазаны өтеуден босату, ауыстыру, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту кешенді құқықтық институттар болып табылады.

Материалдық залалды және моральдық зиянды өтемеудің объективті себептерінің тізімі көрсетілген. Соттар ШТМБ-ны қолданудан және жазалауды неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудан басқа түрімен құқылы емес.

Дәріс тақырыбы бойынша тыңдаушылар онлайн-режимде қойған сұрақтарына толық жауап алды.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі