Жоғарғы Сотта жеке санаттағы істер бойынша міндетті медиацияны енгізу жөнінде семинар өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот судьясы Ұлбосын Сүлейменова және отставкадағы судья, тәуелсіз медиатор Манфред Штендер (ФГР) бейнебайланыс арқылы жеке санаттағы істер бойынша міндетті медиацияны енгізу жөніндегі семинар сабағын өзкізді.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Қазақстан халқы Ассамблеясы медиацияның халықаралық ынтымақтастық хатшылығының сектор меңгерушісі Жанар Усипбекова және «Жанжалдарды шешу орталығы - Диалог» басшысы, «Озарение» ҚБ президенті Татьяна Савицкая қатысты.

Семинарды ашу рәсімінде Ұ.Сүлейменова Қазақстанда медиация институты белсенді дамып келе жатқандығын атап өтті. Жаңа АПК нормалары бітімгерлік рәсімдерін жан-жақты пайдалануға мүмкіндік береді. Халық арасында медиация институтын көпшілікке танытуда Қазақстан халқы Ассамблеясы да зор үлес қосты. Сонымен қатар, судья республика соттарының және облыс әкімдерінің аталған институттың қолданыс аясын кеңейту, дауларды сотқа дейін және соттан тыс реттеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған өзара Меморандумға қол қойғанын, оның толық және белсенді түрде іске асып жатқандығын атап өтті.

Сотқа дейін және соттан тыс дауларды реттеу институтын нығайту мақсатында республика соттарында мобильді топтар құрылғаны, жергілікті жерлердегі тұрғындармен және мекемелерде бітімгершілік рәсімдерін қолдану жөніндегі жұмыстың барысы атап өтілді. Республика соттарында өткізілетін барлық іс-шаралар медиация институтын нығайтуға, соттардың және құқық қорғау органдардың қатысуынсыз перспективті және баламалы түрде қақтығыстарды және дауларды шешуге, сондай-ақ алдын алу тәсілі ретінде қоғамдық және құқықтық дауларды сотқа дейін шешуге бағытталған.

Бұл шаралар азаматтық істердің өсуіне жол берді, дауларды шешудің баламалы әдістерін пайдалану арқылы аяқталған дауларды шешу 1,7 есеге артқан (2015 жылы – 1313, 2016 жылы –  22375). Олардың соттар арқылы  шешілген үлесі – 5,9%. Соның ішінде 6180 (7875) азаматтық іс немесе 27,6% бітімгершілік келісімін жасасу арқылы шешімін тапқан, 15 808 (5261) немесе 70,7% - медиатордың қатысуымен, 387-сі және 1,7% - партисипативті түрде аяқталған.

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі