Жамбыл облыстық соты 2016 жылдың бірінші жартыжылдықтағы сот төрелігін жүзеге асыруды қорытындылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық сотында өткен кеңес жұмысына Жоғарғы Соттың мамандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева, Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев,  өңір судьялары қатысты.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмахамат Абидов 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында облыс соттарына қарау үшін 1108 қылмыстық іс түсті. Оның ішінде 774 қылмыстық іс бойынша 879 тұлғаға қатысты үкім шығарылды, 140 қылмыстық іс 181 тұлғаға қатысты қылмыстық іс өндірісімен қысқартылды.

Барлығы сотталған тұлғаның саны 845-і құраған, ал оның ішінде бас бостандығынан айырылғандар - 247 тұлға (29,2%), шартты мерзімге – 147 тұлға (17,4%), бас бостандығынан айырудан басқа, жазалаудың басқа да түрлеріне - 445 тұлға (52,7%), қылмыстық жауаптылықтан босатылғандар (ҚР ҚК-нің 65-69 баптары) - 5 тұлға, 1 тұлға қылмыстық жауаптылықтан қайтыс болуына байланысты босатылған. 34 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылған.

Алқабилердің қатысуымен 2 тұлғаға қатысты 2 қылмыстық іс қаралды.

95 қылмыстық іс медиатордың қатысуымен қаралды, соның ішінде 73 іс татуласу рәсімімен қаралып, өндіріс аяқталды. Тиісінше ағымдағы жылы былтырғы жылмен өткен жылмен салыстырғанда, облыс соттары 118 қылмыстық іске артық қараған.  

Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков 2016 жылдың 6 айында 17 144 талап арыз түсті, соның ішінде 556 (3,2%) талап арыз қайтарылды, 16 287 (95%) талап арыз бойынша азаматтық іс қозғалды, 169 (1%) талап арыз қабылданбады, есептік кезеңнің соңына 132 талап арыз қалды. 2015 жылдың 6 айында облыс соттарына 17 267 талап арыз түсті, соның ішінде 484 (2,8%) талап арыз қайтарылды, 16 415 (95,1%) талап арыз бойынша азаматтық іс қозғалды, 249 (1,4%) талап арыз бойынша өндіріске қабылдаудан бас тартылды, есептік кезеңнің соңына 118 талап арыз қалды.

         Медиация тәртібімен 552 азаматтық іс қысқартылды, ол қаралған істердің 3,5%-ын құрайды, 116 азаматтық іс татуласу рәсімімен қаралды, ол қаралған істер санының 0,7%-ын құрайды, партисипативтік келісімімен 6 азаматтық іс қаралды, ол қаралған істердің санының 0,04%-ын құрайды.

 Сот әдебі бойынша комиссия төрағасы Азамат Тілеповтің мәліметінде, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, 2015 жылдың осы кезеңмен салыстырғанда, судьяларға қатысты шағымдардың саны (9-дан 6-ға) азайғаны байқалады. 2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 6 шағым бойынша өз негізін тапса, ал 2016 жылы тек 1 шағым өз негізін тапты. Осылайша, Комиссия тек қана түскен шағымдардың санын ғана емес, расталған шағымдардың санын да азайтты.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау қорытындысы туралы облыстық соттың судьясы Мейірхан Атибеков баяндады.

 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан 8 шағым түскен, ол 2015 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 5 шағымға азайған. Түскен шағымдардың тек екеуі өз дәлелін тапты.

Кеңсе жұмысының қорытындысы туралы Соттар әкімшінің басшысы Әбдіжәми Құлдүйсенов таныстырды. Ол 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы облыс соттарының рейтинг қортындысын баяндады.

Кеңес барысында кейбір судьялар мен мемлекеттік қызметкерлер  құрмет грамоталармен марапатталды.

Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қыдырбаева Сарысу аудандық сотының судьясы Д.Төленбековті «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» және «Ең үздік бітімгер судья» номинациялары бойынша құрмет грамотамен марапаттады. Сонымен қатар, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» номинациясы бойынша Тараз қаласының №2 сотының судьясы Ернар Жаманқұлов, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» номинациясы бойынша Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айгүл Маликова, «Үздік судья» атанған Тараз қалалық сотының судьясы Жанна Абаева, «Үздік сот актісі» номинациясы бойынша Тараз қалалық сотының судьясы Д.Бейсенбаев, «Үздік тәлімгер» Тараз қалалық сотының судьясы Г.Асылбек, «Үздік ментор» Жамбыл облыстық судьясы Ардақ Әкетаев құрмет грамоталарымен марапаттады.

«Ең үздік сот» номинациясында Тараз қалалық соты жеңімпаз атанды.

А.Қыдырбаева жұмыстың басты бағыттарын анықтап, судьялар мен соттардың төрағаларын неғұрлым өнімді жұмыс жасаудың шарттарын, яғни істерді қараудың мерзімдерін жетілдірумен қатар сапасын жақсартуға шақырды. Ол сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігі азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін толық қорғау екендігін атап көрсетті.

Кеңес соңында облыстық сот төрағасы Рүстем Алшынбаев алдағы жарты жылдыққа бірқатар нақты міндеттер қойды.

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі