«Zakon.kz» ақпараттық порталында Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмидің қатысуымен интернет-конференция өтеді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Интернет-конференция республика сот органдарының қызметіне, соның ішінде Елбасының республика судьяларының VI съезінде алға қойған міндеттерінің және  Ұлт Жоспарында Жоғарғы Сотқа жүктелген 11 қадамның іске асырылуына, сондай-ақ алдағы республика судьяларының VII съезіне қатысты мәселелерге арналады.

Қ.Мәми интернет-конференция барысында соттардың жұмысы және тұтастай алғанда сот жүйесінің қызметі туралы азаматтардың сұрақтарына жауап береді. Заңды күшіне енбеген сот актілері туралы сұрақтарға жауап беру көзделмейді.

Сұрақтар 13-19 қыркүйек аралығында http://vs.zakon.kz интернет-ресурсы арқылы қабылданады.

«Zakon.kz» порталы бекітілген қағидаға сәйкес келіп түскен сұрақтарға модераторлық ету құқығын өзіне қалдырады.

Интернет-конференция модераторлары интернет-ресурс арқылы рейтингтік дауыс беруді жүргізеді.

Тікелей режимдегі интернет-конференция 2016 жылғы 20 қыркүйекте «Zakon.kz» ақпараттық порталында өтеді, оның барысында Қайрат Мәми ең үздік 20 сұраққа он-лайн режимде жауап береді.    

Қалған барлық сұрақтардың жауаптары «Zakon.kz», сондай-ақ Жоғарғы Соттың интернет-ресурстарында а.ж. 30 қазанға дейін жарияланатын болады.

Барлық мүдделі тұлғаларды осы интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

Қайрат Әбдіразақұлы Мәми 2013 жылдың 16 қазанынан бастап Жоғарғы Соттың Төрағасы қызметін атқарып келеді.

Әр жылдары Әділет вице-министрі (1999 ж.); Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Мемлекеттік-құқық бөлімінің меңгерушісі (1999-2000 жж.); Жоғарғы Соттың Төрағасы (2000-2009 жж.); Бас Прокурор (2009-2011 жж.); Парламент Сенатының Төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды. Сонымен қатар, ол Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі, Еуразия Экономикалық қауымдастығы Парламентаралық ассамблеяның төрағасы (2011 жылдан бастап) болып табылады.

Заң ғылымдарының докторы, профессоры.

Бірқатар мемлекеттік нагрдаларға ие болған.

Қайнар: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі