Сот актілерін орындау бөлімінің басшысына пара алғаны үшін 5 млн. теңге көлемінде айыппұл тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Сот актілерін орындау бойынша № 1 Өскемен аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы Б. жер теліміне салынған тыйымның күшін жою жөнінде оңтайлы шешім шығарып беру үшін 100 000 теңге көлемінде пара алған.

Өскемен қаласының №2 соты ҚҚ-нің 366-бабының 1-бөлігі (пара алу) бойынша айыпталған Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарап, оны кінәлі деп таныды. Оған сот үкімімен мүлкін тәркілей отырып,  мемлекеттік органдарда және ұйымдарда мемлекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 5 000 000 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Үкім занды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі