Шығыс Қазақстанда сот учаскелік инспектордың әкімшілік құқық туралы заңның талаптарын бұзғаны үшін Ішкі істер департаментінің атына жеке қаулы шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2016 жылдың тамыз айында Өскемен қаласының жергілікті полиция қызметінің Үлбі полиция бөлімінің  учаскелік инспекторы Д. қоғамдық тәртiптi бұзғаны үшін Е.-ге қатысты хаттама толтырылған. Бірақ, осы құқықбұзушылық жөніндегі іс сотқа тек 2017 жылдың 25 қаңтарында  ғана жіберілген.

Сот отырысында Д.-ның аталмыш құқық бұзушылықта кінәсі расталды, алайда сот әкімшілік жауапкершілікке тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты Е.-ге қатысты істі тоқтатуға мәжбүр болды.

Сот  полиция  инспекторларымен әкімшілік занңаманы бұзушылыққа жол берген себептер мен жағдайларды анықтау үшін және оларды болдырмау мақсатында тиісті шаралар жүргізуге қатысты Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің атына жеке қаулы шығарды. Сонымен қатар, сот қаулысында полиция қызметкерлері арасында болашақта әкімшілік заңнаманы өрескел бұзуды орын алдырмау мақсатында олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажетілігі туралы көрсетілген.

Жеке қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі