пара алу

Өскемен қаласының №2 соты бұрынғы патрульдік полиция қызметкеріне пара алғаны үшін 4 млн.астам теңгеге айыппұл салды

21/12/2016

Өскемен қаласының №2 соты ҚР ҚК 366-бабының, 2-бөлігімен (айтарлықтай мөлшерде пара алу, сол сияқты заңсыз әрекеттері (әрекетсiздiгi) үшiн пара алу) қылмыс жасаған С-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот актілерін орындау бөлімінің басшысына пара алғаны үшін 5 млн. теңге көлемінде айыппұл тағайындалды

24/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Сот актілерін орындау бойынша № 1 Өскемен аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы Б. жер теліміне салынған тыйымның күшін жою жөнінде оңтайлы шешім шығарып беру үшін 100 000 теңге көлемінде пара алған.

В Алматинской области осуждены бывшие сотрудники детского сада за получение взятки и посредничество во взяточничестве

17/03/2016

Алматы облысы Балқаш аудандық соты Бақбақты ауылының «Арман» мектепке дейінгі мекеме» МКҚК-нің меңгерушісі айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін сотталушы С.Әмірқұловаға қатысты қылмыстық іс қарады.

С.Әмірқұлова мемлекеттік қызметті атқаратын теңестірілген тұлға бола тұра, «Арман» балабақшасының тәрбиеші лауазымына жұмысқа орналасу үшін балабақшаның делдал әдіскері Г.Эрданаева арқылы ауыл тұрғынынан 100 000 теңге мөлшерінде пара алған.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы пара алғаны үшін сотталды

19/01/2016

Қызылорда қалалық №2 сотында Қызылорда облысы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы М.Қошқаровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы М.Қошқаров мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адам бола тұра, жобалардың сараптамасының оң қорытындысын шығару үшін кәсіпкерлерден бірнеше рет пара алған.

Сонымен қатар, сотталушының автокөлігі және үйін тексеру барысында бірнеше тапанша оқ-дәрілерімен және 2 дана жарылғыш зат табылған.

Сот жол-патрульдік полициясы қызметкеріне қатысты үкім шығарды

21/12/2015

Алматы облысының Қарасай аудандық соты Алматы облысы ІІД, әкімшілік полиция Басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының қызметкері  Е.Кенжебаевқа қатысты үкім шығарды.

Сот анықтағандай, Е.Кенжебаев өзінің қызметтік міндетін орындау кезінде алкогольді масаң күйінде көлік құралын басқарған жүргізушіден әкімшілік хаттаманы толтырмау үшін 300 000 теңге мөлшерінде пара алған.

Сот орта мектеп директорына қатысты үкім шығарды

18/12/2015

Алматы облысының Іле аудандық соты Боралдай кенті №17 орта мектебінің бұрынғы директоры М.Шақароваға қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес М.Шақарованы Қазахстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа карсы іс-қимыл агенттігі департаментінің қызметкерлері 20 000 тенге көлемінде пара алғаны үшін ұстады. М.Шақарова, жұмысында төмен кәсіби дайындық көрсетіп, өз қызметін орындау барысында міндетттерін өрескел бұзған мектеп мұғалімін жұмыстан шығармау үшін параны алған.

«Алтынкөл» кеден бақылау пунктінің маманы сотталды

09/12/2015

Панфилов аудандық соты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған «Алтынкөл» кеден бақылау пунктінің «Қорғас Шығыс қақпасы» АЭА өткізу бекетінің  жетекші маманына қатысты қылмыстық істі қарады. 

Сот анықтағандай, Н.Серікбаев Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды кедергісіз өткізу үшін 5 000 теңге мөлшерінде ақшалай пара алған.

«Алтынкөл» кедендік бақылау пунктінің бас маманы сотталды

26/11/2015

Алматы облысы Панфилов аудандық соты Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл» кедендік бақылау пунктінің бас маманы Н. Есмағанбетовке қатысты қылмыстық істі қарады.   

Сот анықтағандай, Н.Есмағанбетов мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адам бола тұра, жүк автокөлігінің қосалқы бөлшектерін кедендік декларациялауды жеделдетіп ресімдеу үшін декларанттан 5000 теңге көлемінде пара алған.

Беттер