пара алу

Мемлекеттік сот орындаушысына қатысты сот үкімі жарияланды

24/11/2015

Еңбекшіқазақ аудандық сотында мемлекеттік сот орындаушысы Р.Дәрімбаевқа қатысты сот үкімі жарияланды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес,  Р.Дәрімбаев жылжымайтын мүлікті кепілден жедел шығару үшін  Еңбекшіқазақ ауданы, Есік ауылының тұрғынынан 125 000 теңге пара алған.

«Достық» кедені басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды

23/11/2015

Алакөл аудандық соты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасаған «Достық» кедені басшысының орынбасары С. Қалиасқаровқа қатысты қылмыстық істі қарады.

Сот анықтағандай, С.Қалиасқаров  С.Бекбаевтың делдал болуы арқылы ҚХР-нан Өзбекстан Республикасына транзит арқылы өткен контейнерлерге қамқорлық жасағаны үшін пара ретінде 110 000 теңге алған.

Алматы облысында аудандық мәдениет үйінің директорына қатысты үкім шықты

13/11/2015

Панфилов аудандық соты Панфилов ауданының мәдениет үйінің директоры К.Жақыбаеваға қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, К.Жақыбаева Панфилов ауданындағы ауылдық мәдениет үйі директорларынан жалпы қамқорлық жасау үшін бірнеше рет қой түрінде пара алған. Параның жалпы сомасы 57 000 теңгені құраған.

Алматы облысы бойынша көлікті бақылау бөлімінің бас маманы сотталды

12/11/2015

Талдықорған қалалық сотында сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша Алматы облысы көлікті бақылау бөлімінің бас маманы А.Көптілеуовке қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, А.Көптілеуов 2015 жылғы 3 тамызда Талдықорған қаласындағы «Еркін» бақылау бекеті арқылы кедергісіз өткізу үшін жүк көлігін тексерусіз және әкімшілік құқықбұзушылық хаттамасын толтырмау үшін пара ретінде 10 000 теңге мөлшерінде ақша қаражатын алған.

Алматы облысында ауыл округінің әкімі сотталды

03/11/2015

Алматы облысы Іле аудандық сотында Талғар ауданы Нұра ауылдық округінің бұрынғы әкімі Д.Әбдіқұловқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот анықтағандай, Д.Әбдіқұлов Талғар ауданы Нұра ауылының тұрғынынан жеке қосалқы шаруашылық жүргiзуге екі жер телімін бөліп  беруді  жеделдету үшін  270 000 теңге көлемінде пара алған.

Алматы облысында кеден бекетінің бас маманы сотталды

23/10/2015

Алматы облысының Іле аудандық соты  Алматы облысы Мемлекеттік кіріс департаменті «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы кеден бекетінің бас маманы Е. Оразалинге  қатысты үкім шығарды.

Сот Е.Оразалиннің лауазымды тұлға бола тұра жеке кәсіпкерден 10 000 теңге  мөлшерінде пара алғанын анықтады. Аталған соманы ол Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы шекарасы арқылы тыйым салынған медициналық дәрі-дәрмектерді заңсыз алып өтпек болған фактісі бойынша жеке кәсіпкерді әкімшілік жазаға тартпау үшін талап еткен.

Орал вокзалының басшылығына және Ақтөбе вокзалы директорының орынбасарына қатысты сот үкімі жарияланды

13/08/2015

Орал қалалық соты Орал вокзалының директоры Б.Күншығаровқа және  Ақтөбе вокзалы директорының орынбасары И.Берниязоваға қатысты   сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, Б.Күншығаров И.Берниязовамен алдын ала сөз байласуда болып, жәбірленушіні «Вокзал-Қызмет» АҚ-ға жұмысқа қабылдау үшін  2 000 АҚШ долларын беруді талап еткен.

Кейін И.Берниязова 370 000 теңге параны делдал арқылы алған.

Пара алған мектеп директоры жазаға тартылды

12/08/2015

Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотында Аймен ауылының орта мектеп директоры А.Жүнісоваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, А.Жүнісова лауазымды тұлға бола тұра, география пәнінен сабақ беру сағат көлемін арттыру және бастауыш сыныптарда сабақ беру үшін екінші біліктілік санатын алу үшін мектеп жұмысшысынан 20 000 теңге көлемінде пара алған.

Сотта А.Жүнісова өзінің кінәсін толықтай мойындап, жасаған ісі үшін өкінді.

Алматы облысында Райымбек ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты үкім шықты

10/08/2015

Алматы облысының Райымбек аудандық сотында аудан әкімінің бұрынғы орынбасары Қ.Төлепбердиевке қатысты  қылмыстық  іс  қаралды. 

Іс материалдарына сәйкес, Қ.Төлепбердиев  лауазымды тұлға бола тұра жер телімін бөлу үшін азамат С-дан 370 000 теңге мөлшерінде пара алған.

Беттер