пара алу

Сот кеден бекетінің маманына қатысты үкім шығарды

04/08/2015

Панфилов аудандық соты «Хоргос Шығыс қақпасы»  «Қорғас» кеден бекетінің жетекші маманы А.Рахымға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ол азамат М-нан Қытай Халық Республикасынан Қазақстан Республикасы аумағына кедендік рәсімдеусіз және кедендік төлемсіз ауырлығы 740 кг 13 орын тауарын кедергісіз өткізу үшін 35000 теңге көлемінде пара алды деп айыпталады.

Алматы облысында мемлекеттік сот орындаушыға қатысты сот үкімі жарияланды

31/07/2015

Алматы облысы Іле аудандық сотында мемлекеттік сот орындаушы Г.Бегалиевке  қатысты сот үкімі жарияланды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес Г.Бегалиевті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 50 000 теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен ұстаған. Аталған соманы К. Азаматынан қарыз ақшаны өндіру бойынша атқарушылық iс жүргiзудi қысқарту мақсатында алған.

Талғар аудандық ІІБ-нің анықтаушысына қатысты үкім шығарылды

24/07/2015

Еңбекшіқазақ аудандық соты Талғар аудандық ІІБ-нің анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Е.Кәрімовке қатысты қылмыстық істі қарады.

Е.Кәрімовті азамат И.Ивановтан оған қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалтпау үшін 130 000 мың теңге көлемінде пара алу үстінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған. 

Орал қалалық соты Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысына қатысты үкімді жариялады

21/05/2015

Орал қалалық соты облыстық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру басқармасының басшысы Ж.Серикоповқа қатысты істің үкімін жариялады.

Департаменттің бұрынғы басшысы жеке кәсіпкерлерден  қоғамдық тамақтану орындарын жалға беру келісім-шартын жасасу үшін бірнеше рет пара алған деп айыпталды.

Семей қаласының №2 сотында сот орындаушы пара алғаны үшін сотталды

24/04/2015

Үстіміздегі жылдың 24 сәуірінде Семей қалалысының №2 сотында Шығыс Қазақстан облысының сот актілерін орындау жөніндегі Семей аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы А. Қалиақпаровқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол А. есімді азаматтан Семей қаласындағы тыйым салынған жылжымайтын мүлікті тез арада  босатып беру үшін отыз мың теңге көлемінде пара алды деп айыпталды.

Беттер