Алматы облысында мемлекеттік сот орындаушыға қатысты сот үкімі жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысы Іле аудандық сотында мемлекеттік сот орындаушы Г.Бегалиевке  қатысты сот үкімі жарияланды.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес Г.Бегалиевті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері 50 000 теңге мөлшерінде пара алды деген күдікпен ұстаған. Аталған соманы К. Азаматынан қарыз ақшаны өндіру бойынша атқарушылық iс жүргiзудi қысқарту мақсатында алған.

2015 жылғы 30 шілдедегі сот үкімімен Г.Бегалиев Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 366-бабының 1-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Оған алған параның елу еселенген сомасы мөлшерінде яғни, 2 500 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымдық қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырумен қатар, жеке мүлкін тәркілеу жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі