Архив событий

03/07/2015

Жоғарғы Соттың жалпы отырыс Төралқасының отырысы өтті

03/07/2015

Бүгін Қайрат Мәмидің төрағалығымен Жоғарғы Соттың жалпы отырыс Төралқасының отырысы болып өтті.

Отырысқа қатысушылар республикадағы әскери соттардың сот әділдігін жүзеге асыру жағдайы, олардың қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жүргізілген кешенді тексерістің қорытындысын талқылады.

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин мен Әскери соттың төрағасы Сәкен Абдуллаевтың ақпараты тыңдалды.

Алматы облыстық сотында кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға қатысты өзекті мәселелер талқыланды

03/07/2015

Алматы облыстық сотында «Кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану бойынша өзекті мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстелге» тергеу судьялары, прокуратура, облыстық ІІД және ҰҚКД,  адвокатура  өкілдері қатысты.

Текелі қалалық сотының төрағасы Е. Қасымбеков,  Сарқан аудандық сотының тергеу судьясы Г. Баубекова,  облыстық соттың қаржы бөлімінің басшысы Н. Баймұханов баяндама жасады.