Талғар аудандық ІІБ-нің анықтаушысына қатысты үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Еңбекшіқазақ аудандық соты Талғар аудандық ІІБ-нің анықтаушысы, полиция аға лейтенанты Е.Кәрімовке қатысты қылмыстық істі қарады.

Е.Кәрімовті азамат И.Ивановтан оған қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалтпау үшін 130 000 мың теңге көлемінде пара алу үстінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ұстаған. 

Еңбекшіқазақ аудандық сотының үкімімен Е.Кәрімов ҚР Қылмыстық кодексінің 366 бабының 2-бөлігіндегі  қылмысты жасағаны үшін  кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге  бас бостандығынан айыру,  мүлкін тәркілеу және мемелекеттік қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі