Алматы облысында аудандық мәдениет үйінің директорына қатысты үкім шықты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Панфилов аудандық соты Панфилов ауданының мәдениет үйінің директоры К.Жақыбаеваға қатысты қылмыстық істі қарады.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, К.Жақыбаева Панфилов ауданындағы ауылдық мәдениет үйі директорларынан жалпы қамқорлық жасау үшін бірнеше рет қой түрінде пара алған. Параның жалпы сомасы 57 000 теңгені құраған.

Сот үкімімен К.Жақыбаева ҚР ҚК-нің 366-бабының 3-бөлігінің 4 тармағы бойынша (бірнеше рет пара алу) кінәлі деп танылды. Оған параның 70 еселенген сомасы, яғни 3 990 000 теңге мөлшерінде айыппұл салынып, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды. 

 

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі