Сот жол-патрульдік полициясы қызметкеріне қатысты үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысының Қарасай аудандық соты Алматы облысы ІІД, әкімшілік полиция Басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының қызметкері  Е.Кенжебаевқа қатысты үкім шығарды.

Сот анықтағандай, Е.Кенжебаев өзінің қызметтік міндетін орындау кезінде алкогольді масаң күйінде көлік құралын басқарған жүргізушіден әкімшілік хаттаманы толтырмау үшін 300 000 теңге мөлшерінде пара алған.

Сот  үкімімен сотталушы Е.Кенжебаев ҚР ҚК-нің  362-бабының 2- бөлігімен  (айтарлықтай мөлшерде пара алу) қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оны 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырып, мүлкі тәркіленіп, оған мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз-қызметі