В Алматинской области осуждены бывшие сотрудники детского сада за получение взятки и посредничество во взяточничестве

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Алматы облысы Балқаш аудандық соты Бақбақты ауылының «Арман» мектепке дейінгі мекеме» МКҚК-нің меңгерушісі айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін сотталушы С.Әмірқұловаға қатысты қылмыстық іс қарады.

С.Әмірқұлова мемлекеттік қызметті атқаратын теңестірілген тұлға бола тұра, «Арман» балабақшасының тәрбиеші лауазымына жұмысқа орналасу үшін балабақшаның делдал әдіскері Г.Эрданаева арқылы ауыл тұрғынынан 100 000 теңге мөлшерінде пара алған.

Сотта сотталушылар кінәларын толығымен мойындап, жасаған қылмыстық құқықбұзушылықтарына өкініп, сот шығындарының сомасын толық өтеді.

Сот үкімімен С.Әмірқұлова ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оның жеке мүлкі тәркіленіп, оны мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырып, оған параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде 6 000 000 теңге айыппұл салынды.

Осы үкіммен Г.Эрданаева ҚР ҚК-нің 368-бабының 1-бөлігімен қарастырылған қылмыс бойынша кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде мемлекеттік қызметте лауазымды атқару құқығынан өмір бойына айырып, параның он еселенген сомасы мөлшерінде 1 000 000 теңге айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі