Архив событий

15/03/2016

А.Қыдырбаева ТМД-ның бақылаушылар миссиясы штабының басшысы Евнений Слободамен кездесті

15/03/2016

Бүгін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева ТМД-ның бақылаушылар миссиясы штабының басшысы Евнений Слободамен кездесті.

Кездесу барысында  сайлау науқаны кезінде соттардың рөлі, сот органдарына  түскен өтiнiштер мен шағымдардың саны және оларды қарау нәтижелері, сондай-ақ сайлау күні соттардың жұмыс тәртібі мәселелері талқыланды.

Қарағанды облыстық сотында жаңа Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолданылуын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

15/03/2016

Бүгін Қарағанды облыстық сотының оқу орталығы «2015 жылғы 31 қазанда жаңа Азаматтық процестік кодексінің нормаларын қолданылуы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің жұмысына облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.Ыбыраева, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, аралық судья Т.Соловьева, прокуратураның, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің өкілдері қатысты.