Жоғарғы Сотта мамандандырылған сот алқасының төрағасы А.Қ. Қыдырбаева ReedSmith халықаралық заң компаниясының өкілдерімен кездесті
06/03/2016
ReedSmith халықаралық заң компаниясы негізінен инвестор мен мемлекет арасында туындайтын даулар бойынша халықаралық коммерциялық арбитражды жүзеге асырады.
Компания өкілдері Белинда Пейсли (Ұлыбритания), Ажар Кузутбаева мен Әділ Ыдырысов әлемнің ірі төрелік соттарында, соның ішінде инвестициялық арбитражда қараған істер шеңберінде, сондай-ақ күрделі инвестициялық шарттар бойынша мемлекет мүддесін қорғау бағытында жинақтаған жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.