Жоғарғы Сотта 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті
Бүгін Жоғарғы Сотта 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынға қатысқан ханымдарды Жоғарғы Соттың Төрағасы мен ұжым атынан төл мерекелерімен құттықтай келе, Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин әйелдердің Қазақстан қоғамы мен оның құндылықтарын дамытудағы зор үлесіне Мемлекет басшысының үнемі зор мән беретіндігін атап өтті.