Жоғарғы Соттың жалпы отырысында соттардың бала асырап алу туралы заңнаманы қолдану практикасы талқыланды
Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми кезекті жалпы отырысты өткізді.
Іс-шараға Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Ғылыми-консультативтік кеңес мүшелері, Конституциялық Кеңестің, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қатысты.
Жалпы отырыстың күн тәртібінде «Соттардың бала асырап алу туралы заңнаманы қолдану практикасы туралы» Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысының жобасы мен Сот жюриінің регламентін бекіту туралы екі мәселе қаралды.