Архив событий

18/03/2016

ҚР Әскери соты сотталушының денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру әрекетін абайсызда қазаға ұшырату етіп қайта саралады

18/03/2016

Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес сотталған С.Тураповқа қатысты қылмыстық істі қайта қарады.

Бұрын бұл қылмыстық істі Алматы гарнизоны әскери соты қарап, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру сот үкімімен сотталушы С. Тұраповқа ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша  8 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы кесілген болатын.

Шығыс Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асырудың механизмін талқылады

18/03/2016

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы: нақты ахуалы мен перспективалары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Жоғарғы Сот Төрағасы судьялар мен департамент қызметкерлерін алда келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады

18/03/2016

Қазақстанның жоғары сот органының төрағасы Қайрат Мәми Жоғарғы Сотта өткен салтанатты жиында судьялар мен департамент қызметкерлерін алда келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.

Семейде мектеп директоры әкімшілік жауапкершілкке тартылды

18/03/2016

ШҚО Семей қаласының мамандандырылған  әкімшілік соты ӘҚБтК-нің 681-бабымен қарастырылған құқық бұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған  «№12 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ-нің директоры Б.Құсайыновқа қатысты әкімшілік істі қарады.

Екібастұз соты ЖОО-ны бітірушіден мемлекеттік білім несиесі үшін қарызды өндіріп алды

18/03/2016

Павлодар облысының Екібастұз қалалық сотына талапкер «Қаржы орталығы» АҚ-ның жауапкер К.-ға білім гранты бойынша бөлінген 1 511 470 теңге сомадағы қарызды өндіру туралы  талап арызбен жүгінді.

Сот талапкер Білім және ғылым министрінің бұйрығымен жауапкер Н. ауылдық квота бойынша  білім грантының иегері болып анықталып, оқытуға ЖОО-ның шығынын өтеу ретінде республикалық бюджеттен 1 354 600 теңге аударылғанын анықтаған.

Тараз қалалық №2 сотында қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларды тағайындаудың мәселелері талқыланды

18/03/2016

Тараз қалалық №2 сотында судьялар, прокуратура, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, әкімдіктің құқықтық бөлімінің және пробациялық бақылау қызметінің өкілдері дөңгелек үстел басында жиналып қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларды тағайындаудың мәселелерін талқылады.

Қызылордада сот заңсыз жұмыстан босатылған қызметкерді бұрынғы жұмысына қайта орналастырды

18/03/2016

Қызылорда облысының Арал аудандық соты талап қоюшы А.Махановтың жауапкер «Polimer trade» ЖШС-на бұрынғы жұмысына қайта орналастырып, лажсыз бос жүрген күндеріне жалақысын өндіруді сұраған азаматтық істі қарады.

Сот қызметтік міндетін атқарып жүріп қайтыс болған ОҚО ІІД қызметкерлерінің отбасыларына біржолғы өтемақыны өндірді

18/03/2016

Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық сотына талапкерлер Н.А., Г.М., Ж.К. жауапкер ҚР ІІМ-нен ОҚО ІІД қызметкерлері А.А., Н.О. және Н.Ж. қызметтік міндетін атқарып жүрген кезде жол-көлік апатынан қайтыс болған деп тануы, олардың отбасыларына біржолғы өтемақыны және моральдық зиянды өндіру туралы талап арыз берген.