Қазақстан Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясына кіруге ниет білдірді
Бүгін Жалпы істер жөніндегі кеңес отырысы мен Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының саясаты барысында Нидерланд корольдігінің Сыртқы істер министрлігі өкілдеріне Қазақстан Республикасының Гаага конференциясына кіру ниеті туралы хатты берудің ресми рәсімдері өтті.
Құжатты Нидерланд Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі М.Мұрзамадиева табыстады.