ШҚО-да сот ЖШС-ні жұмысшыларға еңбекақы бойынша қарызды төлеуге міндеттеді
Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы «Первомайский механикалық зауыты» ЖШС-не нұсқаманы орындауға міндеттеу туралы талап арызбен жүгінді.
Жұмысшылардан түскен арыздардың негізінде мемлекеттік еңбек инспекторы «Первомайский механикалық зауыты» ЖШС-де еңбек заңнамалары нормаларының сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізген.