Әскери соттың төрағасы бейнебайланыс арқылы азаматтарды қабылдауды өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасының Әскери соты бейнебайланыс арқылы Семей қаласының әскери қызметшілерін және қала тұрғындарын қабылдауды өткізді.

Осы күні барлық ниет білдірген әскери қызметшілер және де басқа тұлғалар Семей гарнизонының әскери сотына  келіп, арнайы дайындалған залда ҚР Әскери сотының төрағасына өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды.

Іс-шараға 30-ға жуық азаматтар келіп қатысты, соның ішінде қазіргі әскери қызметшілер, отставкадағы зейнеткер әскери қызметшілер, әскери бөлімдердің заңгерлері, әскери құқық қорғау органдардың және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері болды.

Іс-шара барысында әскери қызметшілер тұрғын-үй және еңбек қатынастары бойынша, заңнамалардағы өзгерістер және сот жүйесінде Ұлт Жоспарының орындалу барысы жөнінде сұрақтар қойды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысушыларды сот жүйесіндегі өзгерістер, яғни бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот төрелігіне көшу, әскери соттардың соттылығы және олардың басқа жалпы юрисдикциялық соттардан айырмашылығы туралы сұрақтар қызықтырды.

Әскери сот төрағасы С.Абдуллаев барлық қойылған сұрақтарға толық көлемде жауап қайтарды. Сонымен қатар,  жаңадан қабылданған Азаматтық процестік кодекстің нормалалары түсіндірілді.  Атап айтқанда, істердің қаралу мерзімдері, сот актілерінің күшіне ену мерзімдері, талап арыздарды беру тәртібі, апелляциялық, кассациялық шағымдарды беру тәртібі және мерзімдері, азаматтық істер бойынша жеңілдетілген іс жүргізу тәртібінің кеңеюі туралы сұрақтар қойылды. Бұған қоса, «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап арыздарды жолдау мүмкіндігі туралы айтылды.

«Азаматтарды қабылдау осындай әдіспен өткізу өте қолайлы,  келешекте жиі қолданысқа ие болады және  бұл – әдіс азаматтардың  уақыты мен қаржысын үнемдеу әдістерінің бірі» - деді С.Абдуллаев.

Кездесуді қорытындылай келе, сот төрағасы өз сөзінде ҚР Әскери сотының веб-сайтында «Төраға блогы» функционалының жұмыс істейтінін және соған әрбір ниет білдірген азамат өзінің қызықтырған сұрақтарын қойып, жедел түрде жауап ала алатынын айтып өтті.

Жиын соңында қатысушылар сот төрағасына жеке сұрақ қою мүмкіндігіне алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың бұдан әрі жалғасуына тілек білдірді.      

Қайнар: 
ҚР Әскери сотының баспасөз қызметі