Әскери сот әскери қызметшіден тұрғын үйді жалға алғаны үшін заңсыз төленген өтемақыны өндіріп алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ҰҚК Шекара қызметі әскеи бөлімдерінің бірі тұрғын үйді жалға алғаны үшін заңсыз төленген 1 127 000 теңге өтемақыны С.-тен өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот әскери бөлімнің тұрғын үй комиссиясының 2014 жылғы 24 мамырдағы хаттамасымен жауапкер – әскери қызметші С. мен оның отбасы мүшелерінің тұрғын үйге мұқтаж ретінде танылып, тұрғын үйді жалға алғаны үшін жалпы 1 127 000 теңге ақшалай төлемақы төленгенін анықтады.

С. жеке меншік құқығындағы тұрғын үйін соңғы бес жыл ішінде әскери қызмет атқарып жүрген елді-мекенінде үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан тұрғын үйге мұқтажға айналғаны анықталып, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 72-бабының 2-тармағына сәйкес тұрғын үйге  мұқтаждар есебінен алынып тасталған.

Сот шешімімен талапкердің жауапкерден тұрғын үйді жалға алу үшін төленген 1 127 000 теңгені мемлекет пайдасына өндіру туралы талап арызы толығымен қанағаттандырылды.

Источник: 
Әскери соттың баспасөз қызметі