Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының № 2 аудандық сотында «Медиация – бітімгершілік институты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Күршім ауданының № 2 аудандық соты Күршім ауданының Теректі ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында жаңадан ашылған медиация бөлмесінде «Медиация – бітімгершілік институты» тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізді.

Іс-шараға Теректі ауылдық округі әкімі, кәсіби емес медиаторлар және жергілікті мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.

"Дөңгелек үстел" барысында судья Салтанат Жүніспекова медиация кабинетінің азаматтарға «Медиация туралы» Заңның нормаларын жеткізу және сотқа дейін дауды медиация арқылы шешу жұмыстарын жүргізу мақсатында ашылғандығын атап өтті.

Судья медиацияның қолданылу саласы жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқықтық қатынастардан туындайтын, сондай-ақ онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша қылмыстық сот ісін жүргізу барысында қаралатын даулар болып табылатындығын айтты. «Медиация туралы» Заңның 16-бабына сай ауылдық округтердің әкімдері кәсіби емес медиаторлардың тізімін жүргізеді, кәсіби емес медиаторлардың тізімі уәкілетті органның интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастырылатындығы атап өтілді.

Шара соңында "дөңгелек үстелге" қатысушылар өзекті мәселелерді талқылап, өзара пікір алмасты.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі