Шығыс Қазақстан облыстық сотында судьялардың Мәжіліс депутаты Е.Козловпен кездесуі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотында судьялардың Мәжіліс депутаты Евгений Козловпен кездесуі өтті.

Депутат Е.Козлов өз сөзінде, судьялармен бірлескен жұмыс барысында алған үлкен тәжірибесі мен білімін, ол заң шығару қызметіне пайдаланатындығын, сондай-ақ ол ҚР Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа жұмыс тобының жетекшісі болып табылатынын атап өтті.

Жұмыс сапарымен жүрген ол «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында бірінші сайлаушыларымен кездесті. Кездесуде Ұлт Жоспарының іске асырылу барысын талқылады. Осындай кездесулер еліміздің барлық аймақтарында өткізілді. Кездесу барысында жұмыс тобы жергілікті тұрғындармен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен жүздесті.

Кездесу соңында Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Евгений Александровичке адал және мінсіз еңбегі үшін алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі