ШҚО-да татуластыру рәсімдерін сот тәжірибесінде тиімді қолдану қарқынды жүзеге асуда

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қалалық соты Д.Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетінде Шығыс Қазақстан облыстық соты судьяларының, аудандық және оған теңестірілген соттар төрағаларының, Өскемен қаласы Әкімінің, прокуратура қызметкерлерінің, облыстың  ішкі істер басқармасының, облыстық адвокаттар алқасы,  Өскемен қаласының Әділет басқармасы, Білім беру бөлімі, «Шаңырақ» медиация орталығы өкілдерінің қатысуларымен «Қолданыстағы Азаматтық процестік кодексі бойынша татуластыру рәсімдерін сот тәжірибесінде тиімді қолдану» атты  тақырыбында өңірлік  семинар ұйымдастырылды.

Шараны ашқан Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев, облыстық сот басшысының бітімгершілік рәсімдерінің осы өңірде қайта жандануына ерекше үлес қосып отырғандығын атай келе.

Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров сот жүйесін жаңғыртуға арналған Мемлекет басшысының Ұлт Жоспарындағы 11 қадамын іске асыру аясында Жоғарғы Соттың жүйелі атқарып жатқан жұмыстары жөнінде тоқталып өтті.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Елдос Жұмақсанов,  облыс бойынша 14 достық үйінде, 12 аудан орталығында Аягөз, Көкпекті, Зырян аудандарының барлық ауылдық округтерінде «медиация кабинеттері мен орталықтары» ашылғандығы жөнінде мәлімдеді. 2015 жылы облыс соттары медиация заңын бұқара халыққа насихаттау мен түсіндіру мақсатында 2 000-нан  астам  іс шара ұйымдастырды. Судьялардың пікірінше, аталған шаралар медиатордың қатысуымен қаралған істердің артуына ықпал еткен: 2014 жылы аяқталған істердің саны 2094 (медиатордың қатысуымен – 1,9%), ал 2015 жылы 3577 іс (медиатордың қатысуымен – 3,3%), 2016 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша - 2263 іс (7,2%).

Семинарға қатысушылардың назарына азаматтық-құқықтық даудың шешу жолдарын, оны сотқа дейін медиацияны қолдану арқылы бітімге келу тетіктерін қалыптастыруды, заңгерлердің жаңа үлгіде жұмыс жасауын олардың дауларды соттан тыс шешуге бейімдеу қажеттілігін аударды.

Іс –шара барысында Шығыс Қазақстан облысының  Мамандандырылған ауданаралақ экономикалық сотының судьясы А.Салимовтың «Сот мәжілісіне дайындық барысында медиацияны қолдану» атты тақырыбында, Өскемен қалалық сотының судьясы Л.Мұздыбаеваның «Дауды шешуде медиациялық келісімнің маңызы» атты тақырыбында, «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Е. Абдрахманованың «2016-2017 ж.ж. арналған медиаторлардың маңызды жоспары  тақырыбындағы баяндамалары  тыңдалды.

Семинарға қатысушылар жаңа Азаматтық процестік кодекстің медиацияны қолдануға қатысты негізгі ережелері мен талаптарын, яғни  бітімгершіліклік рәсімдерді қолдану  шараларының кеңейтілуін, медиация институтының жетілдірілуін, партисипативтік рәсімнің жанашылдыққа енуін талқылады.

Д.Әміров өз сөзінде, ертедегі би бабаларымыз өзінің тапқырлығы мен шешендігінің, әділ төрелік айта алатын қасиетін көпшілік алдында көрсете білгендігін, оған қоса Ұлы қазақ даласында даулар жүз пайыз бітімгершілік рәсіммен шешіліп отырғандығын атап өтті.

Семинар аясында қатысушылар Өскемен қаласындағы Достық үйінде болып, ондағы «Медиация кабинетінің» жұмысымен танысты.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі