Семей қаласының № 2 соты түзеу мекемесінің басшысын пара алғаны үшін соттады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Семей қаласының № 2 сотында ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлігінде (пара алу) көзделген қылмысты жасағаны үшін ШҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаменті ОВ-156/16 мекемесінің бұрынғы басшысы С.Салтабаевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта азамат М. ОВ-156/16 мекемесінің басшысы С.Салтабаевқа сотталған азамат Б.-ға көмек көрсетуге, яғни Семей қаласы № 2 соты сотталған азамат А.Байкаловқа қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босату және өтелмеген жазаны неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтінішхат жіберу арқылы жүгінген. С.Салтабаев өтінішіне сыйақы, яғни пара ретінде 300 000 теңге сомасындағы теледидар сатып алып беруді талап еткен.

Сот үкімімен ОВ-156/16 мекеменің басшысы пара алған үшін кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 15 599 400 (он бес миллион бес жүз тоқсан тоғыз мың төрт жүз) теңге көлемінде айыппұл төлеуге, мемлекеттік қызмет ат0ару құқығынан өмір бойы айыру жазасына сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі