Риддерде сот жеке айыптау бойынша қылмыстық істі қарап, сотталушыны ақталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

ШҚО-ның Риддер қалалық сотында ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігі бойынша (қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту) айыпталған Д.Козловқа қатысты жеке айыптау қылмыстық ісі қаралды.

Н.Васильева «масаң күйдегі Д.Козлов менің ар-намысым мен қадір-қасиетімді балағат сөздермен әдепсiз түрде кемсiті» деп айыптаған болатын.

Сотта істі қарау барысында  Д.Козлов Н.Васильеваны қорлағандығын мойындамады. Олардың арасындағы әңгіме көтеріңкі дауыста болғандығын, жәбірленушіні қорламағандығын және оған қатысты балағат сөздер айтпағандығын түсіндірді.

Сот үкімді шығару барысында 1966 жылдың 16 желтоқсанындағы «Азаматтық және саяси құқықтар туралы» Халықаралық пактінің 14-бабының 2-тармағын, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағы 8) тармақшасын, ҚПК-нің 19-бабының 3-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2002 жылдың 15 тамызындағы №19 «Сот үкімі туралы» нормативтік қаулысының 17-тармағына сәйкес айыпталушының кінәлілігі заң аясында дәлелденбейінше, кінәлі болып есептелмеу құқығы туралы кінәсіздік презумциясына байланысты айыптау үкімі болжамдарға негізделмеуі және дәйекті дәлелдемелер жиынтығымен расталуы кажеттілігін  басшылыққа алды.

Сот үкімімен Д.Козлов ҚК-нің 131-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық бойынша кінәсіз деп танылып, осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны дәлелденбеуіне байланысты ақталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі