Павлодарда бітімгершілік рәсімдерді қолдану көрсеткіштері бойынша үздік соттар марапатталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық сотында  «Азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істерді қарау кезінде бітімгершілік рәсімдерді қолдану бойынша соттардың ең үздік көрсеткіштері» атты облыстық байқау-конкурсының жеңімпаздары марапатталды.  

Байқау бітімгершілік рәсімдерді қолдану бойынша соттардың оң тәжірибесін насихаттау мақсатында өткізілді. Соттардың қызметін бағалау үшін өткізілген оқыту іс-шараларының саны мен сапасы, БАҚ-тағы жарияланымдар, медиацияны, партисипативтік рәсімдерді қолдана отырып қаралған істер мен татуластыру келісімімен аяқталған істер санына негізделген критерийлер әзірленді. 

Облыстық соттың басшылығы конкурс қорытындысы бойынша үздік деп танылған аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьяларына алғыс білдірді.

Конкурс қорытындысына сәйкес азаматтық істер бойынша Павлодар қалалық сотының судьялары Е.Құсайынов пен Ж. Уызбаева, Екібастұз қалалық сотының судьясы А. Хамитова, Ақсу қалалық сотының судьясы С. Досыбаева, Май аудандық сотының төрайымы У. Рахымбергенова үздік деп танылды.

Бітімгершілік рәсімдерді қолдана отырып қылмыстық істерді қарау бойынша Ертіс аудандық сотының төрағасы Ә.Нұрғалиев, Павлодар қалалық сотының судьясы А.Сүлейменова үздік деп танылды.

Бітімгершілік рәсімдерді қолдана отырып әкімшілік істерді қарауда Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Б.Алинова жеңімпаз деп танылды.

Конкурста үздік деп танылған барлық судьяларға алғыс хаттар мен грамоталар табыс етілді.

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі