Павлодар қалалық сотында татуластыру рәсімдеріне арналған арнайы бұрыш ашылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар қалалық соты ғимаратының холында қабылдау үшін қолайлы ақпараттық графикамен безендірілген татуластыру рәсімдері туралы  стендтер орнатылды.  
Аталған жобаның мақсаты – қолайлы құқықтық жағдай жасауға және қоғамда шиеленісті төмендетуге көмектесетін татуласу рәсімін қолдану жүйесін дамыту.
Әзірлеушілер даудың қандай санаттары бойынша татуласу рәсімдерін қолдануға болатынын, сондай-ақ оларды қолданудың артықшылықтарын ашып көрсеткен.
2016 жылдың төрт айында Павлодар облысында 1164 іс татуласу келісімін қолданумен қаралған, соның ішінде 812 іс медиациялық келісіммен, татуласу рәсімін қолдана отырып 349 және партисипативтік келісім негізінде 3 іс аяқталған.
Іс жүргізуге қатысушылардың пікірі бойынша ашық стендттер татуласу рәсімі институтын күрделі сот талқылауларын болдырмауға бағытталған дауды шешудің тиімді және өркениетті тәсілі деп есептейді.
 

Источник: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі