Орал қалалық соты өңірдегі антимонополиялық қызметтің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімін жариялады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты мемлекет мүддесіне қарсы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімін жариялады.

Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментінің бұрынғы басшысы Валихан Разов табиғи монополия субьектісі «Ақсайгазпромэнерго» АҚ-ның тәуелділік жағдайын пайдаланып, акционерлік қоғамнан Департамент үшін кеңсе жиһазын талап еткен.

Бұған қоса, ол лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдаланып,  «Жайықжылуқуат» АҚ-ның қызметін тексергенде субъект тарапынан бұзушылықтарды анықтай отырып, бұл бұзушылықтарды жасырып қалған.

Орал қалалық соты Валихан Разовты ҚР ҚК-нің 362 б. 2б. (лауазымды адамның лауазымдық өкiлеттiктерін асыра пайдалануы) және 361 б. 2б. (лауазымды адамның лауазымдық өкiлеттiктерін теріс пайдалануы) бойынша айыпты деп таныды.

Сот ҚР ҚК-нің 58-бабының 2-бөлігіне сәйкес сай онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сiңiру арқылы түпкілікті мүлкін тәркілеу арқылы 3 500 АЕК, яғни 6 937 000 теңге көлемінде айыппұл, мемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасын тағайындады.  

Жаза тағайындау барысында  сот сотталушының бұрын сотталмағандығын және тұрғылықты мекен-жайы бойынша оң мінездемесін ескерді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі