Облыс судьялары жаңа кодекспен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Павлодар облыстық соты бірыңғай мемлекеттік жоспарлауды іске асыру мақсатында ҚР Президентінің 2014 жылғы 09 сәуірде бекіткен өкімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық жазаларды өтеу жүйесінің қылмыстық заң мен іс жүргізудің жаңа кодекстерімен облыс судьяларын таныстыруды жалғастыруда. 

Бүгін  Павлодар облыстық сотында семинар сабақтары екі бөлімде өтті.

Қылмыстық құқық пен сот процесі бөлімінде облыстық соттың судьясы В.А.Фриман қылмыстық кодекстің негізгі новеллаларын баяндады. Атап айтқанда, жаңа кодексті ескі кодекстің ерекшеліктеріне тоқталып, судьялар сұрақтарына тұжырымды жауап берді. 

Әкімшілік құқық бөлімінде облыстық соттың судьясы, әкімшілік құқық және сот процесінің модераторы Л.Н.Климашина жаңа әкімшілік кодексінің әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы жалпы ережелерді кеңінен талқыға салса, мамандырылған әкімшілік соттардың судьялары қолданысқа енгелі тұрған Кодекстің жалпы бөлімдері төңірегінде сөз сөйледі. 

Қайнар: 
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі