Кәсіби емес медиаторлармен кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елордада қалалық сот судьясы және Қазақстан халық ассамблеясы өкілдері «Хазар» Әзірбайжан Қоғамдық бірлестігінің, «Қазақстанның әзірбайжандық мәдени орталықтар одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің, «Қырғызстан-Астана» Қоғамдық бірлестігінің, «Ватра» Украиндық мәдени орталығының, «Возрождение» Немістер қоғамы» Қоғамдық бірлестігінің, Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» ҚММ-нің кәсіби емес медиаторларымен кездесу өткізді.

Іс-шараның өткізілу мақсаты медиация институтын насихаттау және дамыту болып табылады.

Іс-шараның қатысушылары ынтымақтастық және бітімгершілік рәсімдеріне ықпал ету бойынша бірлескен іс-шараларды әзірлеу мәселесін талқылады.

Кездесу барысында Астана қалалық сотының судьясы Г.Рахметова қазақстандықтар үшін медиация институты оның тарихи тамырларына жақын екенін атап өтті. Қазақ даласында 19-20 ғасырларға дейін барлық жандалды оқиғаларды билер мен ақсақалдар шешкен.

«Қазақстан халық ассамблеясы Қазақстанның көп ұлтты халық дәстүрінің көлемді әлеуетін осы жұмыста пайдалану үшін үлкен мүмкіндіктерге ие болады, осыған сәйкес қариялар, ақсақалдар, беделді адамдар өршіген дауды немесе жанжалды сот органына жүгінбестен алдын ала шешуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Г.Рахметова.

Кездесу соңында қатысушылар кәсіби емес медиация институтын дамыту қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.

Қайнар: 
Астана қалалық сотының баспасөз қызметі