Қостанай облыстық сотының төрағасы А.Мерғалиев Парламент Мәжілісі депутаты М.Магеррамовпен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Магеррам Магеррамовпен кездесті. Кездесуге Қазақстанның Коммунистік Халық партиясының облыстық комитетінің бірінші хатшысы Алпысбай Әлімбаев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Владимир Долгих, облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Жанат Мұрзабаева қатысты.

Кездесуде  М.Магеррамов заң үстемдігі реформасынтоқталып, Ұлт Жоспарының іске асырылуы туралы айтты. «Мемлекеттік органдардың барлық өкілдерінің басты міндеті – барынша халыққа қызмет ету»,- деді депутат.

А.Мерғалиев пен М.Магеррамов арасында толыққанды әңгіме сот шешімдерінің орындалуы туралы болды. Депутаттың айтуынша, 21 мың қазақстандық алимент төлемейді, сот шешімін орындамай, елде еркін жүруде деді.

А.Мерғалиев өз кезегінде облыс соттары жұмысының негізгі бағыттары мен қорытындыларын айта отырып, атқару парақтарының жоғалу, елімізден тыс жерлерге шығуға шектеу қоюды уақытында алмау, сот орындаушыларының әрекеттерін заңсыз деп тану бойынша мәселелерді айтты. А.Мерғалиев сот тәжірибесінен нақты мысалдар келтіріп, азаматтар қарыздарын төлегендерімен олар елімізден тыс жерлерге шектеу қоюды уақытында алмаған сот орындаушыларының кесірінен шыға алмағандарын айтты. Сот бұл жағдайда, азаматтарды қолдап, әділет департаментінен шетелге бару билеттерінің және демалысының шығындарын өндірген.

Кездесу барысында А.Мерғалиев қазіргі кезде соттар осы жағдайды бақылауда ұстауда, олар сот актілерінің орындалуын бақылайды деді. «Судьялар мемлекет, заңды және жеке тұлғалардың пайдасына миллиондаған сомалар өндіріліп алуда және шешімнің уақытында орындалуынан азаматтардың сотқа деген сенімі артады. Біз өзіміз де осы шешімдердің орындалуына мүдделіміз», - деді А.Мерғалиев.

Кездесу соңында облыстық сот төрағасы А.Мерғалиев депутаттың айтқан мәселелерін назарға алып, оның заң шығарушылық қызметіне табыс тіледі.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі