Отставкадағы судьялар Арқалық қалалық сотында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қостанай облысының сот жүйесінің ардагерлері және отставкадағы судьялар Әлия Рахаделова мен Галина Пирогова облыс орталығынан шалғай орналасқан Арқалық қалалық сотында болды. Сот ұжымымен кездесу барысында олар бүгінгі сот-құқықтық реформаларының негізгі бағыттарын талқылап, жас мамандар арасында түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Отставкадағы судья Әлия Рахадилова өз сөзінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына тоқталып, маңызды тұстарды атап өтті. Сонымен қатар, әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға арналған бағыт бағдарлар, басымдықтар туралы мысалдар келтірді. «Оған жету үшін санамыздың ісімізден озып жүруі, яғни жаңғырып отыруы тиіс. Бұрынғы таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземіз теңеліп, иық түйістіру мүмкін емес»,- деп судья мақаладан үзінді келтірді.

Бұған қоса, ардагер өзінің сот саласындағы көп жылғы тәжірибесімен бөлісіп, судьялар мен мамандар қызметіне сәттілік тіледі.

Отставкадағы судья Галина Пирогова өзінің Торғай жерінде судьялық қызметті бастаған уақыты туралы әңгімеледі. Өткен жылдардағы сот саласының жұмысы мен бүгінгі  сот жүйесіндегі жетістіктерді салыстырды.  «Өз бойындағы талабына қарамай әр адам үнемі өз білімін шыңдауға тырысуы тиіс. Заңнамаларды білумен қатар компьютерлік біліктілікті арттыруға, тіл меңгеруге, рухани жаңғыруға ұмтылу керек»,-деп атап өтті.

Кездесу соңында Арқалық қалалық сотының төрағасы Көшербай Ақшалов сот жүйесінің ардагерлеріне жас мамандармен үнемі жүргізіп отыратын жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі