«Казахстанская правда» газетінде Жоғарғы Сот судьясы Ұ.Сүлейменованың «ГПК: новая редакция» атты мақаласы жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мақалада жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодекс жобасын (бұдан әрі – АПК жобасы) қабылдау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар баяндалған. Еске сала кетейік, бұл жұмыс 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасын және 2013 жылғы қарашадағы Судьялардың VI съезінде Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді орындау шеңберінде жүргізілуде.  

Мақалада азаматтық істерді сотта қарау бойынша енгізілетін негізгі өзгерістер туралы айтылған. Айталық, АПК жобасы тараптарды татуластыруға және заманауи ақпараттық технологияларды сот ісін жүргізуде кеңінен қолдануға бағытталған. Оның кейбір ережелері БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы шеңберіндегі «Соттағы бітімгершілік рәсімдер» атты пилоттық жобада сынақтан өткізілген. Заңды әзірлеу барысында халықаралық сарапшылардың ұсынымдары ескерілген.

АПК жобасында азаматтық процестің басты қағидаттары, соның ішінде сот жүйесінің үш буындылығы, сот актілерін қараудың кезеңділігі, соттар мен судьялардың мамандануы, іс жүргізудің бірқатар түрлерінің болуы секілді  негізгі институттар сақталған.

 Азаматтық іс жүргізу кодексінің қолданыстағы редакциясында регламенттелген бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қорғаумен қатар, АПК-ның жаңа жобасында құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру, дауды бейбіт реттеуге ықпал ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамда заң мен сотқа деген құрметпен қарау көзқарасын қалыптастыру  секілді азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері қосымша анықталған.

Инвестициялық дауларды қарау бойынша мамандандыру енгізілетін болады. Құқықтық қорғауға бағытталған аталған шаралар бизнеспен айналысуға, инвестициялар легін ынталандыруға жағымды жағдай туғызады, сондай-ақ қазақстандық сот төрелігіне деген инвесторлардың сенімін арттыруға зор мүмкіндік береді деп көзделуде.   

Мақалада АПК-ның жаңартылған жобасы азаматтық істерді неғұрлым тиімді әрі жедел қарауға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, Кодекс 2014 жылдың қаңтар айынан бастап Парламент Мәжілісінің қарауында. Ағымдағы жылдың 11 наурызында Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жаңа редакциядағы АПК жобасы мен оған ілеспе заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Өткен үш жарым айдан астам уақыт ішінде жұмыс тобының 40 отырысы өтіп, ондағы талқылаулар шеңберінде Кодекске бірқатар түзетулер енгізіліп, соның нәтижесінде заң жобасының мазмұны айтарлықтай жақсарды.  

Мақаланың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады:  http://www.kazpravda.kz/fresh/view/gpk-novaya-redaktsiya

Источник: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі