Архив событий

29/05/2015

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары «Балаларды қорғау күні» қарсаңында «Үміт» және «Балалар ауылы» балалар үйіне барды

29/05/2015

Бүгін Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары  Балаларды  қорғау күні мерекесі қарсаңында «Үміт» және «Балалар ауылы»  балалар үйіне барып тәрбиеленушілерді  құттықтады.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьялары жыл сайын Халқыаралық балаларды қорғау күні қарсаңында балалар үйіне баруды дәстүрге айналадырды.

Судьялар бірнеше жыл қатарынан балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қамқорлық көрсетуде. Олар балалар үйіне қайырымдылық көмек көрсетіп, қажетті заттарын,  киім-кешек, техникалық жабдықтармен  қамтамасыз етеді.

Ақтөбеде жаңа судьяларды таныстырды

29/05/2015

Бүгін Ақтөбе облыстық сотында өткен жалпы отырыста жаңадан тағайындалған судьяларды таныстырды. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы соттарының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» № 29 Жарлығына  ағымдағы жылғы 25 мамырда қол қойылды.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов, облыстық соттың алқа төрағалары, судьялары мен мамандары, қалалық және мамандандырылған соттардың төрағалары, құқық қорғау органдары мен БАҚ өкілдері қатысты. 

Ю.Е.Халанға қатысты сот үкімі жарияланды

29/05/2015

Бүгін 2015 жылғы 29 мамырдағы Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотында ҚР ҚК-нің 111-бабының 1-бөлігімен сотқа берілген сотталушы Ю.Е.Халанға қатысты жеке айыптау ісі бойынша қылмыстық істің қарауы аяқталды. Сотталушы Ю.Е.Халан 2014 жылғы 23 тамызда Ақтау қаласында  тұрғын үйдің 10-қабатынан теледидардың кинескобын  лақтырып жіберген. Кинескоп сыртта жүрген кәмелетке толмаған Ислам Катаевтің басына түсіп, оның денсаулығына абайсызда ауыр зиян келтірген.

Ақмола облыстық сотының судьялары сот төрелігін іске асыру сапасын арттыру мақсатында семинар өткізді

29/05/2015

Ақмола облыстық сотының судьялары аудандық және оларға теңестірілген соттары судьяларының сот актілерінің күшін жою және өзгертілу себептерін талқылау бойынша семинар өткізді.

Семинардың жұмысы екі секцияда өтті. Азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді қарайтын судьялар шешімдердің, қаулылар мен үкімдердің күшін жоюын, оның өзгертілу себептерін талқылады.

Жоғарғы Сотта жергілікті соттардың судьяларын оқыту бойынша кезекті бейнедәріс өтті

29/05/2015

Жергілікті соттардың судьяларын қашықтықтан оқыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жоғарғы Сотта облыстық және оған теңестірілген соттармен бейнебайланыс арқылы «Мүлікті тиым салудан босату» тақырыбында кезекті бейнедәріс өтті. Дәрісті Жоғарғы Сот судьясы Н.Сисенова оқыды.

Бейнедәрісте Азаматтық іс жүргізу кодексінің 240-6-бабының тәртібінде қаралатын мүлікті тыйым салудан босату туралы, сондай-ақ аталған санаттағы істерді қараған кезде соттардың материалдық және процестік заңды қолдануы мәселелері талқыланды.