Архив событий

08/05/2015

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

08/05/2015

Шығыс Қазақстан облыстық сотында Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерейтойына орай салтанатты жиын өтті.

Таң ертеңнен бастап облыстық соттың алдында Шығыс Қазақстан мемлекеттік филармониясының сүйемелдеуімен соғыс жылдарындағы әндер орындалды.

Салтанатты іс-шараға  мерекенің басты қонақтары ретінде – соғыс және тыл ардагерлері сот жүйесінің қызметкерлері: Меньшиков Виктор Сергеевич, Пак Тимофей Илларионович, Лебедева Ираида Дмитриевна, Левченко Лидия Алексеевна шақырылды.  

Жеңіс күні құрметіне Ақмола облыстық сотының судьялары қарағай аллеясын отырғызды

08/05/2015

Отан қорғаушы және Жеңіс күні құрметіне Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов бастаған облыстық соттың судьялары қарағай ағаштарын отырғызды.

Бұл аллеяны судьялар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен Ауған соғысына қатысқан жауынгерлеріне естелік ретінде екті.

Әр жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында сот ғимараты маңайы мен қала ішіндегі саябақтарды көгалдандыру облыстық соттың судьялар корпусы үшін дәстүрге айналды. Жаңа отырғызылған көшеттер өткен жылы отырғызылған ағаштардың жанында өседі.

Қарағанды облыстық сотының өкілдері сот ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады

08/05/2015

Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Қарағанды облыстық сотының өкілдері сот ардагерлерімен  және тыл еңбеккерлерімен кездесті.

Облыстың сот қауымдастығы өкілдері ардагерлер Р.Тлемісованы, К.Ешмағамбетованы, З.Кузнецованы Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады. Оларға соғыс жылдарындағы көрсеткен ерліктері үшін алғыстарын білдіре отырып, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар тапсырды.

Салтанатты түрде ардагерлер «Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығы» мерейтойлық медальдарімен марапатталды.

Ақтөбеде «Ер есімі – ел есінде !» атты мемориалдық тақтаның ашылу салтанаты өтті

08/05/2015

Бүгін Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында облыстық сот басшылығының бастамасымен «Ардағым-ардагерім» қайырымдылық акциясының аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен сот жүйесінің ардагерлерінің құрметіне «Ер есімі – ел есінде!» атты мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті. Мемориалдық тақта облыстық сот ғимаратының алдында орнатылған болатын.

Іс-шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиев, құқық қорғау органдарының, облыстық сот корпусының өкілдері, ҰОС мен сот жүйесінің ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.