Архив событий

05/05/2015

Қостанайда Ұлы Отан соғысы ардагерінің құрметіне арналған мемориалдық тақта ашылды

05/05/2015

Бүгін Ұлы Жеңстің 70 жылдығы қарсаңында Қостанай облыстық соты басшылығының және «ҚР Судьялар Одағы» Қостанай филиалының бастамасымен Ұлы Отан соғысының және сот жүйесінің ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері, Қостанай қаласының құрметті азаматы Иван Михайлович Бугаевқа арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы болып өтті. Ашылу рәсімі ардагер қырық жылға жуық өмір сүрген Қостанай қаласының Толстой көшесіндегі 69 үйде болды.

Шығыс Қазақстан облысының орманшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталды

05/05/2015

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған «Мало-Убинск орман шаруашылығының»  орманшысы  В.Коробейниковқа қатысты үкім шығарылды.

Азамат Коробейников,  мемлекеттік міндеттерді  орындау бойынша билік өкілінің арнайы құзыретін және өзінің қызметтік бабын пайдаланып жеке кәсіпкер азамат Б.Ивановты үгіттеп, оның басшысына, нақтырақ айтқанда «Мало-Убинск орман шаруашылығының»  директорына пара бергізген.

Атырау облыстық сотында Қазақстан халқы Ассамблеясның 20 жылдығына арналған мерекелік шара өтті

05/05/2015

Бүгін Атырау облыстық сотында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арналған «Бейбітшілік пен келісім салтанаты» атты мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шараға облыстың судьялары, мамандары, сот жүйесінің ардагерлері және этномәдениет орталығының өкілдері қатысты.

Облыстық соттың кеңсе басшысы Г.Жұмағалиева мерекелік шараны ашып, Қазақстан халқы Ассамблеясы – бұл барлық этностардың бірлігін, келісімін және достығын нығайтатын басты да берік іргетасы болып табылатынын айтты.

«Егемен Қазақстан» газетінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің сұхбаты жарияланды

05/05/2015

«Егемен Қазақстан» газетінің 1 мамырдағы нөмірінде Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмидің «Қазақ билері – «Хан біткеннің қазығы, бұқара жұрттың азығы» атты сұхбаты жарияланды.

Сұхбатта Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Ұлытау төрінде қазақ халқының ұлттық құндылықтарының мән-маңызы және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы билер сотының рөлі тұрғысында айтқан ойларына қатысты пайымдамалық талдау жасалған.