Архив событий

15/05/2015

Көкшетауда cалық және кеден ұйымдарының іс-әрекетіне шағымдану, мемлекеттік ұйымдармен сотқа дейінгі дауларды реттеу мәселелері талқыланды

15/05/2015

Бүгін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Ақмола облыстық сотының оқу орталығында «Салық, кеден органдарының іс-әрекетіне шағымдану. Мемлекеттік органдармен дауларды сотқа дейін реттеу» тақырыбында аймақтық семинар өткізді.

Семинар жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Нұржан Қайыпжан, Айгүл Қыдырбаева және де Астана қаласы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары соттарының судьялары қатысты.

Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі Мейрам Смағұловты күзетпен ұстау мерзімі ұзартылды

15/05/2015

Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында Қарағанды қаласының бұрынғы әкімі  Мейрам Смағұлов пен оның сыбайластарының қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде  күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініші қаралды.

Қаланың бұрынғы әкімі ҚР ҚК-нің 307-бабының 4-бөлігі, 307-бабының  3-бөлігі, 307-бабының  1-бөлігінде көзделген  (ауыр салдарға әкеп соққан, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану) сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдіктеніп отыр.

С. Ахметовке қатысты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

15/05/2015

Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық сотында Серік Нығметұлы Ахметовке қатысты қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде үйқамақта ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш хат қаралды.

Серік Ахметов ҚР ҚК-нің 176-бабының 4-бөлігі «б» тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету), 311-бабы 5-бөлігі (пара алу), 307-бабы 4-бөлігі (қызмет өкілеттігін теріс пайдалану), 310-бабы 3-бөлігінде (кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) бойынша айыпталып отыр.

Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция болып өтті

15/05/2015

Бүгін Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Жеті Жарғы» – дала демократиясының озық үлгісі, мемлекеттік құқық пен билер сотының алтын арқауы» тақырыбында өңірлік ғылыми конференция өтті.

Семей қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған конференция өтті

15/05/2015

Бүгін Семей қаласындағы Қазақ инновациялық  гуманитарлық - заң университетінде  «Қазақ даласындағы Ресей мемлекеті бекіткен заңдар және Қазақ елінің құқықтық жүйесі мен сот қызметі, билер дайындаған ережелер (ауылдық, болыстық және төтенше билер сотының жұмысына қатысты), Абай Құнанбайұлы жазған «Қарамола» ережесі т.б. заңдардың Қазақ елінің құқығы мен билер сотын жаңғыртуға қосқан үлестері» тақырыбында аймақтық ғылыми конференция өтті.

Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қ. Мәмидің қатысуымен кеңес болып өтті

15/05/2015

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәмидің қатысуымен кеңес өтті.

Кеңестің басты мақсаты - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде берген тапсырмаларды, атап айтқанда, бес институционалдық реформаны іске асыру аясында заң үстемдігін қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді жан-жақты талқылау.