Архив событий

22/05/2015

Ақмола облыстық соты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өңірлік ғылыми конференция өткізді

22/05/2015

Бүгін Щучинск қаласында «ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы Қазақ елінің құқықтық жүйесі және билер сотының төрелігі» тақырыбында өңірлік ғылыми конференция өтті.

Ақмола облыстық соты бас болып, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстық соттарының ұйымдастырумен өткен іс-шараға аталған облыстық соттардың судьялары, отставкадағы судьялар, сот қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, тарихшылар, заңгер-ғалымдар, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Атырауда облыстағы судьялардың және адвокаттардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті

22/05/2015

Атырау облыстық соты Оқу орталығының бастамасымен судьялардың және адвокаттардың қатысуымен «Тергеу судьясының өкілеттіліктерін жүзеге асырудың жалпы шарттары, азаматтық және қылмыстық істерді адвокаттардың қатысуымен қараудың тәртібі мен ерекшеліктері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға облыстық соттың судьялары мен адвокаттар қатысты.

Шығыс Қазақстан облысында пара беруге арандатушы адамға қатысты үкім шығарылды

22/05/2015

Өскемен қаласының №2 соты басқаның мүлкін алдау жолымен иемденген ҚК 190-бабы 1-бөлігі, 28-бабы, 4-бөлігі, 367-бабы 2-бөлігіне сәйкес Т.Беріковке  қатысты үкім шығарды.

Іс материалдарына сәйкес, ұрлық жасағаны үшін А.Рычковқа қатысты  қылмыстық  іс қозғалған.  Ол туралы бұрын бұзақылығы үшін сотталған  Т.Беріков білген. Ол А.Рычковқа істі жауып беруге уәде етіп өзінің көмегін ұсынады. 300 000 мың теңге керектігі туралы мәселе шешіледі. 

Жоғарғы Сотта жергілікті соттардың судьяларын оқыту бойынша кезекті бейнедәріс өтті

22/05/2015

Бүгін жергілікті соттардың судьяларын қашықтықтан оқыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде Жоғарғы Сотта облыстық және оған теңестірілген соттармен бейнебайланыс арқылы «Экономикалық контрабанда және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру» тақырыбында кезекті бейнедәріс өтті. Дәрісті Жоғарғы Сот судьясы Ө.С. Қожабаев оқыды.

Бейнедәрісте экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар, сондай-ақ аталған санаттағы істерді қараған кезде соттардың материалдық және процестік заңды қолдануы мәселелері талқыланды.