Архив событий

25/05/2015

«Қазақстан Республикасының Конституциясы – өркениетті Қазақстанның болашағы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

25/05/2015

2015 жылғы 22-23 мамырда І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде Алматы облыстық соты және «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ-нің қатысуымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына орай, Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Өткен іс-шараға судьялар, сот қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері, заңгер-ғалымдар, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ақтөбеде мектеп-лицейдің бұрынғы директорына қатысты үкім жарияланды

25/05/2015

Ақтөбе қаласының №2 сотында ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-бөлімі бойынша (мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның айтарлықтай мөлшерде пара алуы) айыпталған Ақтөбе қаласындағы №20 мектеп–лицейінің бұрынғы директоры О.В.Бажитоваға қатысты қылмыстық іс қаралды.