Архив событий

19/05/2015

Бек Әметов доғарыстағы судья және Қазақстанның самбодан он дүркін чемпионымен кездесті

19/05/2015

Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов доғарыстағы судья Қуаныш Әбуовпен кездесті. Ол самбо күресінен спорт шеберлері арасындағы Қазақстанның он дүркін чемпионы. 69 жастағы спортшы осы спорт түрінен екі мәрте әлем чемпионы болған.

Қуаныш Әбуов Қазақстан чемпионатында аталған спорт түрі бойынша тағы бір мәрте өзінің артықшылығын дәлелдеді. Ол құрметті бірінші орынды иеленіп, ағымдағы жылғы күзде Израильде өтетін әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Н.О.Жоламановқа қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды

19/05/2015

Бүгін Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы басшысы  Нұрлан Айтманұлы Жоламановқа қатысты Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы қаулы шығарды.

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту шеңберінде студенттермен кездесу ұйымдастырылды

19/05/2015

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік соты Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту шеңберінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттерімен кездесу ұйымдастырды.

Судья С.Өтегенова студенттер алдында «Қазақ хандығын қалыптастыру мен нығайтудағы Қазақ елінің құқығы және билер сотының төрелігі»  тақырыбында  дәріс оқыды.