Архив событий

06/05/2015

Жамбыл облыстық сотында 7 және 9 мамыр мерекелеріне арналған салтанатты жиын өтті

06/05/2015

Жамбыл облыстық сотында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынға Жамбыл облыстық сотының төрағасы Рүстем Алшынбаев, апелляциялық сот алқаларының төрағалары, судьялар мен облыстық сот кеңсесінің қызметкерлері қатысты.

Кештің құрметті қонақтары Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ сот жүйесінің ардагерлері мен орнынан түскен судьялар болды.

Ардагерлерге құрмет көрсетілді

06/05/2015

Жамбыл облыстық сотының төрағасы Р.Алшынбаев, облыстық сот корпусының өкілдері және кеңсе басшылығы  Ұлы Отан соғысының ардагерлері Н. Хамзаев пен М.Бұжықовтың үйлеріне барып, мерекемен құттықтады.

Жамбыл облыстық сотының төрағасы сот қауымдастығының атынан облыстың сот жүйесіндегі соғыс ардагерлерін алда келе жатқан мерекелерімен құттықтап, әрқайсысына гүл мен естелік сыйлықтар тапсырды.

Ардагерлер өз кезегінде қонақтарға жеңістің қандай қиындықпен келгені туралы айтып берді.

Алматы қалалық соты Ұлы Жеңістің мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өткізді

06/05/2015

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы мен Отан қорғаушылар күні мерекесін тек бір күн ажыратады. Екі оқиғаларды біріктіре отырып, Алматы қалалық соты сот жүйесінің ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет білдіре отырып, екі ұрпақтың кездесуі  түрінде мейрам өткізді.

Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Eштай Ұлы Жеңіс күніне тікелей қатысы бар құрметті қонақтарды құттықтай отырып, еліміз  9 мамыр күнін үлкен ризашылық сезіммен мерекелейді. Бүкіл еліміз үлкен қуанышпен атап өтеді. Бұл теңдессіз ерлік», деді.

Атырауда соғыс және сот жүйесі ардагерлерінің құрметіне ескерткіш тақталары орнатылды

06/05/2015

Бүгін Атырау қаласының №2-ші соты ғимаратының алдыңғы қабырғасында   Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің аяқталуына 70 жыл толу мерейтойы қарсаңында, соғыс және сот ардагерлері Уағап Тұрымов, Әділгерей Қайнарбаев, Қадірхан Айтешов пен Өтеген Мырзалиевтің құрметіне  мемориалдық тақталар қойылды.

Ашылу салтанатына Ұлы Отан соғысының ардагерлері, құрметті орнынан түскен судьялар, батырлардың ағайын-туыстары,  облыс соттарының судьялары мен сот қызметкерлері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында Жеңістің 70 жылдығын атап өтті

06/05/2015

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында, сондай-ақ облыстың барлық аудандық және оған теңестірілген соттарында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын атап өтуге арналған салтанатты іс-шаралар өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы судьяларының атынан Даңқ мемориалы «Мәңгілік Алау» алдына гүл шоқтары қойылды. Салтанатты рәсімге облыстық соттың төрағасы, судьялар, соғыс және еңбек ардагерлері, сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Парламент Мәжілісі Азаматтық процестік кодексі жобасын мақұлдады

06/05/2015

Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Республикасының жаңа редакциядағы Азаматтық процестік кодексінің жобасы және оған ілеспе заңның жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Ақмола облыстық сотының судьялары Даңқ мемориалына гүл шоқтарын қойды

06/05/2015

Ақмола облыстық соты ҚР Судьялар одағы Ақмола филиалымен бірлесіп жас судьялар мен сот жүйесінің ардагерлері үшін Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллиннің мұражайына және Ақмола облыстық сотының Жауынгерлік Даңқ залына экскурсия үйымдастырды.

Мәлік Ғабдуллин – Ұлы Отан соғысының батыры, көрнекті педагог, жазушы, академик, қоғам қайраткері, Ақмола облысы Зеренді ауданында дүниеге келген, Қанай бидің ұрпағы. Ол 14 жасынан белгілі жазушы Сәбит Мұқановтың отбасында тәрбиеленді.

Болашақ үшін құрбан болғандарға мәңгілік тағзым!

06/05/2015

Қазақстан Республикасы Отан қорғаушылар күні және Ұлы отан соғысындағы Жеңіске 70 жыл толу мерей тойын тойлау қарсаңында Атырау облыстық сотында  соғыс және сот жүйесі ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Мерекелік шараға Ұлы Отан соғысының  ардагері, 92 жастағы ақсақал Атырау облысының құрметті азаматы Айбаров Айдын, сот жүйесі ардагерлері Н.Чиняев, Ш.Дәурешов, М.Байғарина, Т.Сатайбаев, М.Жұмағалиева, А.Балтабаева қатысты.

Қостанай сотында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 70 жылдығына орай мерекелік концерт өтті

06/05/2015

Бүгін Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 70 жылдығына орайластырылған мерекелік концерт өтті.

Мерекелік шараға облыстың сот қауымдастығының өкілдері, сот жүйесінің ардагерлері, соғыс ардагерлерінің жұбайлары қатысты.

Қостанай облыстық сотының төрағасы Ғ.Мырзаке жиналғандарды мерекелерімен құттықтап сәттілік тіледі.  

Республика соттарының бала асырап алуға қатысты сот тәжірибесінің қорытындылары шығарылды

06/05/2015

1994 жылы Қазақстан өзіне балалар құқығын қорғауға бағытталған міндеттерді қабылдай отырып, Бала құқығын қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияға (Конвенция) қосылды.

Конвенцияның жалпы қағидаттары республиканың қолданыстағы заңнамасының нормаларында, атап айтқанда Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіде көрініс тапты.