Архив событий

14/05/2015

Аудандық аурухананың кассиріне қатысты үкім шығарылды

14/05/2015

Бүгін Қарқаралы аудандық сотында «Қарқаралы ауданының орталық аудандық ауруханасы» ҚМК–ның  бұрынғы кассирі Г.К.Абдиноваға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Г.К. Абдинова, материалдық жауапты тұлға бола тұра,  2013 жылдың ақпан айы мен 2014 жылдың маусым айлары аралығында аурухананың 12 112 826 теңге 94 тиын ақшалай қаражатын иеленіп, ысырап еткен. Сонымен қатар жалған құжат жасап, оны пайдаланған.

Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған өңірлік конференция болып өтті

14/05/2015

Бүгін Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Қасқа жолды Қасым хан» тақырыбында өңірлік ғылыми конференция болып өтті.

Бұл өңірлік іс-шара Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты биылғы қыркүйек айында өткізетін «Қазақ құқығы мен билер сотының төрелігі – қазақ мемлекеттілігінің феномені» тақырыбындағы  халықаралық ғылыми конференцияға дайындық ретінде ұйымдастырылып отыр.

Қ.Мәмидің Қазақстан Республикасындағы «ЮНИСЕФ» өкілімен кездесуі өтті

14/05/2015

Жоғарғы Сот ғимаратында Жоғарғы Соттың Төрағасы Қ.Мәмидің Қазақстан Республикасындағы БҰҰ «ЮНИСЕФ» өкілі Ю.Оксамитныймен кездесуі өтті.

Кездесудің мақсаты – Қазақстандағы балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша сот төрелігі жүйесінің жетістіктерін және сот төрелігін жетілдіру мәселелерін талқылау болды.