Шығыс Қазақстан облысының орманшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое аудандық сотында сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған «Мало-Убинск орман шаруашылығының»  орманшысы  В.Коробейниковқа қатысты үкім шығарылды.

Азамат Коробейников,  мемлекеттік міндеттерді  орындау бойынша билік өкілінің арнайы құзыретін және өзінің қызметтік бабын пайдаланып жеке кәсіпкер азамат Б.Ивановты үгіттеп, оның басшысына, нақтырақ айтқанда «Мало-Убинск орман шаруашылығының»  директорына пара бергізген.

Орманшы орман ағаштарын дайындап шығару уақытын ұзарту үшін, жәбірленушіден оның басшысы, дәлірек «Мало-Убинск орман шаруашылығының» директорынан  алдау жолымен 795 000 теңге алған. Бірақ беріп жіберген ақшаны өзі иемденіп алған. Директор осы әрекет туралы білмеген, оны В.Коробейников тергеуде және сотта мойындаған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекеттік қызмет агенттігінің қызметкерлері азамат  В.Коробейниковты  ақшаны алу кезінде ұстады.

Қылмыстық кодекстің екі бабына сәйкес В.Коробейников  мүлкі тәркіленіп, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айыруға сотталды. Ол  арнайы қызмет лауызымы және белгілі бір қызметте болу құқығынан өмір бойына айырылып, жазасын  жалпы түзеу колониясында өтейтін болды. 

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі